Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Күздің алғашқы жаймашуақ күнімен бірге еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылы басталып, алғашқы қоңырау соғылды. Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебінде өткен «Мектебім — мейірім мекені» атты салтанатты жиынға Темір ауданының әкімі Аманбаев Саламат Ермуханұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Өсербаев Азамат Мәлікұлы, Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ Серікжанұлы, Кеңқияқ кенттік полиция бөлімінің басшысы Сидегали Аманғос Абдигалиұлы, ардагер ауыл ақсақалы Елтезеров Дат қатысып, оқушыларға, мектеп ұжымына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Аудан әкімі Саламат Ермуханұлы ағымдағы жылы күрделі жөндеу жасалған мектеп ғимаратын аралап көріп, оң бағасын берді. Өз кезегінде мектеп директоры Бришова Айнаш Бауыргалиевна өткен оқу жылындағы мектеп түлектерінің жетістіктеріне тоқталып, жаңа оқу жылымен құттықтады. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің құттықтауы әр адамды мейірімге бөлеп, оқушылар алтын ұя мектебімен сағыныса қауышты. Сыңғырлаған алғашқы қоңырау үнімен жаңа оқу жылының алғашқы сабағы басталды. Жаңа оқу жылы ұжымымыз бен оқушыларымыз үшін жақсылықтар мен жағымды жаңалықтарға толы сәтті жыл болсын!

Құжаттама