Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз


21.06.2023 жылы Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының мектеп бітіруші түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтті. Жиында аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Карабалина Светлана Маратовна мен мектеп директоры жас түлектерді қорытынды емтиханның нәтижелерімен құттықтап, «Алтын белгі»иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыстады. Атап айтсақ Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебін 61 түлек аяқтаса, 6 оқушы «Алтын белгі» төс белгісі мен аттестат иегері атанды.Жас түлектерге таңдаған мамандықтарының білікті маманы, еліміздің білімді азаматтары мен азаматшалары болуын тілейміз. Ақ жол,жас түлек!